Каталония басшысы: Әуелі Мадридпен келіссөз жүргіземіз

Каталония басшысы: Әуелі Мадридпен келіссөз жүргіземіз

Каталония басшысы: Әуелі Мадридпен келіссөз жүргіземіз
ашық дереккөзі
Каталония аймағының басшысы Карлес Пучдемон 10 қазанда аймақ парламентінде Каталонияның Испаниядан бөліну құқығына ие болғанын, бірақ ең алдымен Мадридпен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді. Пучдемон мен аймақтың өзге басшылары бұдан соң Каталонияның тәуелсіздігін жариялайтын құжатқа қол қойды. Бірақ Каталония үкіметінің баспасөз хатшысы France Press агенттігіне Пучдемон құжатқа қол қойылған соң оны жариялауды бірден тоқтатқанын айтты. Испания премьер-министрінің орынбасары Сорайя Саенц де Сантамария Пучдемонның сөзін қатты айыптап, ол Мадридпен келіссөз жүргізгісі келсе "ең алдымен заңға бағынуы тиіс" екенін мәлімдеді. Сантамария Испания үкіметі Пучдемонның келіссөз жүргізу туралы ұсынысына берер жауабын 11 қазанда талқылайды. Каталонияда 1 қазанда испан полициясының қарсылығына қарамастан тәуелсіздік жөнінде референдум өткен соң Пучдемон аймақтың Испаниядан тәуелсіздігін жариялауға уәде берген.