Жаңалықтар

"Бизнес по-казахски": Нұрлан Қоянбаев жалғасын түсірді

ашық дереккөзі

"Бизнес по-казахски": Нұрлан Қоянбаев жалғасын түсірді

Қазақстандық тележүргізуші, продюсер Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски в Америке" комедиясының екінші бөлімі түсіріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, ендігі фильмнің монтаж жұмыстары аяқталып қойған. Қазіргі уақытта түскоррекция мен дыбыстау бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, фильм жантебірентерлік туынды болып шықты. Түсірілімдер Алматыда 10 күнге және Лос-Анджелесте 20 күнге созылған.  "Екінші бөлімінде басқа әзіл болады, себебі қазақстандықтар америкалықтармен кездеседі. Мұнда екі менталитет кездеседі", - деді ол. Бұл жолы да фильмге Жеңісхан Момышев режиссерлік етті. Сценарий авторларының бірі - Сәбит Рахымбаев, операторы - Азамат Дулатов. Нұрлан Қоянбаев катинаның бас продюсері.  Фильмде Жан Байжанбаев, Қажет Смағұл, Рамазан Амантай, Гүлназ Жоланов және басқалар ойнайды. Сондай-ақ, фильмде америкалық сегіз актер түскен. Картинада Шымкенттен тумасы - Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов ойнайды. Фильмде ол өмірдегі образында болады. Қоянбаевтың айтуынша, Димаш түсірілімдерге қатысуға бірден келісім берген, ұйымдастыру жұмыстарында түсірілім командасына қолғабыс етіпті. Нұрлан Қоянбаев, Димаш Ниязов және Жеңісхан Момышев. "Біз Димашқа телефон соғып едік, ол бірден келісім беріп, Нью-Йорктен Лос-Анджелеске төрт күнге келді, ол актер ретінде ғана емес, ұйымдастыру жұмыстарына да көмектесті. Фильмді түсіруге АҚШ-тағы қазақстандық студенттер де көмектесті. Сюжет бойынша олар Димаштан көмек сұрап, телефон соғады. Бұл фильмде біз қазақстандықтардың басқа елдерде жүрсе де бір-біріне көмектесетінін көрсетеміз", - деді бас продюсер. Фильмде оқиға Лос-Анджелесте болады. Бас кейіпкер Жомарт өзінің Алматыдағы қонақүйіне бес жұлдыз статусын алуға ниетті. Оның қонақүйіне АҚШ-тан мамандар келіп, баға беруі тиіс. Алайда қонақүй күзетшісі оған дөрекі сөз сөйлеп қояды, сондықтан ол ашуға беріліп, АҚШ-қа кетіп қалады. Жомарт пен қонақүй жұмысшылары (туыстары) оның артынан Лос-Анджелеске аттанып, әлгі маманнан кешірім сұрап, бес жұлдыз статусын өтінеді. Лос-Анджелесте кейіпкерлер қызық оқиғаға тап болады.  Фильмнің премьерасы 2017 жылдың 28 желтоқсанына жоспарланған. Еске салайық, фильмнің бірінші бөлімі 2016 жылдың 28 желтоқсанында шыққан болатын. Онда үнді актері, "Келін" сериалының жұлдызы Сиддхартх Шукла түскен еді. Сценарий авторлары - Арыстан Қаунев пен Әлішер Утев.