Таразда 21 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді

Таразда 21 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді

Таразда 21 жастағы келіншек дүниеге үшем әкелді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Байзақ ауданында 21 жастағы келіншек дүниеге үш қыз әкелді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Үшемді жүктіліктің 33-аптасында Айдана Төлетаеваның ішін жару арқылы алуға тура келген. Сарыкемер ауылының тұрғынына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері көмектескен. Сәбидің үшеуінің де жағдайы жақсы. Бірінің салмағы 1700, екіншісінікі 1600 болса, ширағы 1790 грамм салмаққа ие. Дүние есігін енді ғана ашқан сәбилерге есім де таңдап қойылған екен: Даяна, Раяна, Саяна. «Үшем күтіп жатқанымызды алғашқы УДЗ кезінде-ақ білген едік. Дереу есім табуға кірісіп кеттік. Акушерлер мен дәрігерлерге алғысымыз шексіз. Оларға көп рахмет! Біз өте бақыттымыз!», - дейді үшемдердің анасы. Перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айгүл Айтбаеваның сөзіне қарағанда, биыл Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында бес мыңға жуық сәби дүниеге келген. Оның ішінде 2 үшем және 109 егіз бар. Облыста барлығы 18 мыңнан астам бала туған, оның ішінде 144-і егіз және 2 үшем бар. .