Түркімендер бұдан былай газ бен су және тұзды тегін тұтына алмайды

Түркімендер бұдан былай газ бен су және тұзды тегін тұтына алмайды

Түркімендер бұдан былай газ бен су және тұзды тегін тұтына алмайды
ашық дереккөзі
Ақсақалдар кеңесінде сөз сөйлеген ел президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов электр, газ, су және тұзды тұтынуды кезең-кезеңімен ақылы жүйеге көшіру керектігін айтты.Бұл туралы ca-news.org жазады.
“Сол жылдары теңдессіз ерекше жеңілдіктердің ұсынылуы – әлемдегі қиын экономикалық жағдай кезінде жақсы өмір қалыптастыру, азаматтарды нарықтық экономикаға бейімдеу”, – делінген хабарламада. “Нарықтық қатынастар жағдайындағы елдің терең экономикалық жағдайы ұлттық байлықты үнемді пайдалануды талап етеді. Халық табысының артуы, жұмыс өнімділігінің жоғарылауы әлеуметтік жеңілдіктерді ақылы етуге мүмкіндік береді”, – делінген баспасөз қызметінде. Еске салсақ, осыған дейін Түркіменстан халқы газды, электр энергиясын және суды ешқандай лимитсіз тегін тұтынып келген болатын. Осыған дейін бұл әлеуметтік көмектерді ақылы ету туралы алғаш рет 2015 жылы сөз болған. Кейін 2016 жылы Бердімұхамедов бұл ұсынысқа келісті. Бірақ, кейін президент кенеттен ел бюджеті аталған жеңілдіктерді тегін күйінде сақтауға мүмкіндік беретінін жариялаған. Енді бір жыл өте салысымен президент қайтадан жеңілдік жүйесі толықтай пайдасыз деп, оның күшін жоюға бұйрық берді. Бұл ретте жеңілдіктер барлығына бірдей емес, тек кімге нақты қажетті сол адамдарға ғана ұсынылатын болды.