Димаш - "Қазпоштаның" келбеті

Димаш - "Қазпоштаның" келбеті

Димаш - "Қазпоштаның"  келбеті
ашық дереккөзі
Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатты. Бұл туралы Қазпоштаның баспасөз қызметі хабарлады.  «Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Әлем халықтарын өз шығармашылығымен ұйыта білген Димаш біздің компаниямыздың басты идеясын бейнелейді - түрлі елдер мен қалалардың халқын біріктіреді. Компания қашанда  инновацияларға, технологиялар мен жоғары сапалы сервистерге ұмтылады. Қазпошта қазақстандықтардың қысқа уақыт ішінде барынша сапалы қызметтерді пайдалануы үшін жұмыс істейді. Мен біздің Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. Димаш Құдайберген - Витебск қаласында өткен «Славян базары-2015» байқауының Гран-при, MTV Music Awards премияларының иегері, номинациялары: «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңдейдегі ең танымал әнші», «Жылдың ең үздік әншісі» және «Ең танымал шетел әншісі». Димаш Қытайда өткен  Singer-2017  байқауының финалында екінші орын алу арқылы әлемдік деңгейдегі танымалдыққа ие болды. «Соңғы кездері мен Қазпоштаның қызметтерін жиі пайдаланамын, әлемнің түкпір-түкпірінен өз жанкүйерлерімнен хаттар мен сыйлықтар алып тұрамын. Мен еліміздің поштасының қызмет көрсету деңгейі мен даму қарқынына шын пейіліммен қайран қаламын. Әрине, Қазпошта әлеуметтік компания, ол қазақстандықтардың, тіпті ең шалғай  ауылдарда пошталық және қаржылық қызметтерді алуға мүмкіндік береді, осылайша еліміздің барлық өңірлерін біріктіреді. Оның әлеуметтік рөлі және сонымен бірге заманауилығы мен технологиялылығы  маған ұнайды. Мен Қазпоштаның одан әрі көркейіп, гүлдене беруін тілеймін», - деді Димаш Құдайберген.