Құрама Штаттар мен Түркия виза беруді тоқтатты

Құрама Штаттар мен Түркия виза беруді тоқтатты

Құрама Штаттар мен Түркия виза беруді тоқтатты
ашық дереккөзі
Жексенбі күні Анкарадағы АҚШ елшілігі Түркия азаматтарына иммигранттықтан басқа, визаның барлық түрін беруді уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бірнеше сағат өткеннен кейін, дәл осындай мәлімдемені Вашингтондағы түрік елшілігі жасады. АҚШ Стамбұлда америкалық консулдық қызметкерінің ұсталуына жауап ретінде, түрік азаматтарына виза беруді тоқтатты. Америка елшілігі таратқан мәлімдемеде "АҚШ дипломатиялық қызметкерлерінің қауіпсіздігіне кепілдік берілмейінше, виза берілмейді" делінген. Америка-түрік қарым-қатынасы Вашингтонның сириялық күрдтерге қолдау көрсетуінен кейін, күрт нашарлады. Сириялық күрдтер Түркиядағы Күрдістанның жұмысшы партиясының одақтасты. Ал бұл ұйымды Анкара террористік ұйымдардың қатарына жатқызады. Түркия НАТО-ның мүшесі бола тұра, Ресейден зымыран-зенит кешенін сатып алғаны үшін әрі АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді экстрадициялау әрекетінен түк шықпағаннан кейін де, екі елдің дипломатиясына сызат түсті. Анкара діни уағыздаушы Гүленді 2016 жылдың жазында төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды. Стамбұлда ұсталған америкалық дипломат Гүленмен құпия байланыста болды, тыңшылықпен айналысты деп айыпталып отыр. АҚШ мемлекеттік департаменті бұл айыптауларды дәлелсіз дейді.