Ақсақалов үйлерге уақытылы жылу бермеген шенеуніктерді жазалады

Ақсақалов үйлерге уақытылы жылу бермеген шенеуніктерді жазалады

Ақсақалов үйлерге уақытылы жылу бермеген шенеуніктерді жазалады
ашық дереккөзі
Жылыту маусымына дайындық әкімдік отырысының басты тақырыбына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, жылыту маусымына дайындық мәселесі екі рет қаралып, Петропавл әкімінің жеке жауапкершілігіне жүктелген. «Қыркүйектің басында-ақ кейін қалып жатқанын байқадық. Жұмысты күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау туралы тапсырма берілді. Барлығы жұмыстардың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Барлық үйлердің 1 қазанға дайын болуы тиіс екендігі туралы кесте бекітілді. Көріп отырғанымыздай, 25 қыркүйекте жылыту маусымы басталды. Петропавл қаласының жеке аудандарына жылу берілген, алайда, шын мәнінде жылу болмаған. Бұл - жөндеу жұмыстарына байланысты деп түсіндірілуде, оны жүргізуге қаржы кеш бөлінген», - деді Құмар Ақсақалов. Облыс әкімі көп жылдан бері жылыту маусымының 25 қыркүйектен басталып келгені жайлы түсіндіруді назарға алмады. «Біз оны тексердік. Бірақ, температура басқаша болған. Қазіргіден әлдеқайда жылы еді. Қаржы шілдеде берілді. Бұл да мәселе болып па? Жөндеу жұмыстары таңғы 9-дан кешкі алтыға дейін ғана жалғасқан. Біз сол жерде тұратын адамдардан арнайы сұрастырдық», - деді өңір басшысы. Облыс әкімін Петропавл әкімдігінің қол қойған 10 қазанға дейін үйлерге жылу беру кестесі ашуландырды. Құмар Ақсақалов синоптиктердің қыстың ерте түсетіні туралы ескерткенін атап өтті. «Мұның бәрі өз міндетіне жауапсыз қарауды білдіреді. СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетовке сөгіс беремін. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Тасмұрат Қатқадамовтың қызметіне толықтай сәйкес келмейтіндігін жариялаймын», - деді СҚО әкімі. Өңір басшысы «Севказэнерго» АҚ жылумен қамтамасыз етілген, бірақ температура режиміне сәйкес келмейтін тұрғындар үшін жылыту төлем шоттарын беруге құқылы емес деп санайды.