Атырауда медицина саласындағы жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Атырауда медицина саласындағы жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Атырауда медицина саласындағы жоғары лауазымды шенеунік ұсталды
ашық дереккөзі
Атырауда медицина саласындағы жоғары лауазымды шенеунік ұсталды. Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері "Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РМҚ-ның  басшысы Игорь Шинға қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Басшының ұсталғаны туралы ATPress.kz порталына қалалық көлікт прокуроры Берік Құлмағамбетов растады.  "Тергеу органы И.В.Шинді бірнеше рет өзінің қарамағындағы ұйымдарда істейтін адамдардан қаржылай пара алып отырған деген күдікке алды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы ("Пара алу") бойынша жүріп жатыр. 29 тамызда сот оны екі ай мезімге қамауға алу туралы санкция берді", - делінген прокуратура хабарламасында.  Игорь Шин. © azh.kz Атырау қалалық көліктегі прокурор  Берік Кұлмағамбет. © bkp.prokuror.kz "Атырау бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РМҚ Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты.