ОҚО-да басқарма басшысы 2,1 млн теңге пара алу үстінде ұсталды

ОҚО-да басқарма басшысы 2,1 млн теңге пара алу үстінде ұсталды

ОҚО-да басқарма басшысы 2,1 млн теңге пара алу үстінде ұсталды
ашық дереккөзі
Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының ОҚО департаменті көлік жүргізушісі арқылы 2,1 млн теңге пара алған ірі шенеунікті ұстады.
Облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басшысы Болатбек Төлеген пара алу кезінде қолға түскен. Ақша ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы келісім бойынша төлем үшін бөлім басшысы Шалкеев Н.Р. арқылы алынған. “6 қазан күні Төлеген Б.Б. Шымкент қалалық полиция басқармасы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сот алды тексеру жұмыстары жүргізілуде”, – делінген Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының баспасөз хабарламасында.