Төлешовтің ең қымбат көлігі арзанға сатылды

Төлешовтің ең қымбат көлігі арзанға сатылды

Төлешовтің ең қымбат көлігі арзанға сатылды
ашық дереккөзі

Тоқтар Төлешовтің ең қымбат көлігі екі есе арзан бағасына сатылып кетті, деп хабарлайды  "ТВК" арнасы. 

 Rolls Royce Phantom көлігіне бес адам таласқан. Келісім 6 қазан күні жасалды. Нәтижесінде "Сыра патшасының" тәркіленген көліктері арасындағы ең қымбаты жаңа қожайынына небәрі 19 580 150 теңгеге түсті.
Айта кетсек, 2005 жылғы Rolls Royce Phantom көлігін құнын түсіру арқылы үшінші ретінде ғана сату мүмкін болған. Онымен бірге 2011 жылғы Chevrolet Suburban да сатылып кетті. Бастапқы бағасы 13 300 000 теңгелік көлікке тек екі адам қызығушылық танытқан. Сауда соңында аталмыш көлік 7 186 789,16 теңгеге сатылды.