Қырғызстанның вице-премьер-министрі жантүршігерлік апаттан қаза тапты
Қырғызстанның вице-премьер-министрі жантүршігерлік апаттан қаза тапты
Қырғызстанның вице-премьер-министрі Темір Жұмақадыров жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды.
Қайғылы оқиға Бішкек-Чалдовар тасжолында болды. Жұмақадыровтың жүргізушісі КамАЗ көлігіне соғысқан.
Апаттан үш адам мерт болды. Олар вице-премьер-министр мен оның жүргізушісі және көмекшісі Жамғыршиев Нұрлан. КамАЗ жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Темір Жұмақадыров сайлау учаскелерін тексеру үшін Таласқа бет алған екен. Болжам бойынша, КамАз көлігі қарсы бетке шығып кеткен. Жұмақадыровтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.