Швеция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Швеция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады

Швеция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады
ашық дереккөзі
Швеция елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Христиан Камиллге оның дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты «Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыстады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тиісті Жарлығында Х.Камилл Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы табысты ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Құрмет грамотасы беріліп отырғаны атап өтіледі. Р.Василенко Елші Х.Камиллдің екі ел арасындағы саяси диалог, экономикалық өзара іс-қимыл және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған тиімді қызметін баса айтты. Елші Х.Камилл жұмыс атқарған жылдары Риксдаг (швед парламенті) спикері У.Алин және Швеция Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрі С.Бухтың Қазақстанға ресми сапарлары өткізілді. Екі елдің сыртқы істер министрлері Қ.Әбдірахманов және М.Вальстрём үстіміздегі жылы халықаралық форумдар аясында үш рет кездесті. 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде бірлескен жұмысын бастады және бүгінгі күні ұйымның күн тәртібі бойынша қаруды таратпау және қарусыздандыру мәселелері бойынша тығыз ынтымақтасуда. Business Sweden - Швед сауда және инвестициялық кеңесінің қолдауымен өзінің жоғары технологиялық және инновациялық әзірлемелерімен танымал ірі швед компанияларының сапары өтті. Қазақстандықтар швед суретшісі Т.Крабоның ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру тақырыбы бойынша Астана, Алматы, Курчатов қалаларында қойылған көрмелеріне айрықша қызығушылық білдірді. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының оркестрі және Швеция Корольдігі камералық оркестрінің негізгі дирижерлерінің бірі М.Лильефорстің жетекшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған концерт табысты өтті. Х.Камилл екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Республикасының басшылығына және бірқатар ортақ іс-шараларды өткізуге ықпал етіп, Швеция Корольдігінің Елшілігімен нәтижелі өзара іс-қимылы үшін сыртқы саяси ведомствоға алғыс білдірді.