Кокаин тиеген ұшақ теңізге құлатылды

Кокаин тиеген ұшақ теңізге құлатылды

Кокаин тиеген ұшақ теңізге құлатылды
ашық дереккөзі

Кариб теңізінде кокаин тасымалдап бара жатқан ұшақ құлатылды. Кокаин тиеген Hawker жеңіл моторлы ұшағын құлатқан – колумбиялық жойғыштар. Ұшақ бортында 1 тоннаға жуық кокаин болған көрінеді.

Колумбия әскери әуе күштері атып, теңізге құлатқан әуе лайнерінің ұшқышы әуелде құтылып кетуге талпынғанымен, ұшақтың қозғалтқыштарының бірі істен шығып, әуе кемесі құлап түсті. Кокаин тиеген ұшақ Орталық Америка елдерінің бірінен Венесуэлаға қарай бағыт алған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, күн сайын АҚШ пен Еуропа елдеріне Колумбиядан 300 тонна кокаин жөнелтіледі. Осыдан түскен пайда колумбиялық есірткімен айналысатын мафияны және марксизм көтерілісшілеріне жұмсалады екен.