Қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды

Қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда қазақстандық қыздарды Кореяға секс-қызмет көрсетуге жібергендер ұсталды. Алматыда көлік полициясы заңсыз көші-қонмен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, Алматы халықаралық әуежайында 59 жастағы ер адам мен екі әйел ұсталған. "Көлік полициясының қызметкерлері тексеріс кезінде ұсталғандардың заңсыз көші-қонмен айналысқанын, яғни, жас қыздарды Алматы әуежайы арқылы Қазақстаннан алып кетіп, Оңтүстік Кореяға секс қызмет көрсетуге жібермекші болған", - деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметіндегілер. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.