Экс-сенатордың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Экс-сенатордың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Экс-сенатордың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Экс-сенатордың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Мүслім Алтынбаев ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының Өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында. Мүслім Алтынбаев - экс-сенатор Мұхтар Алтынбаевтың ұлы. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Оқас Базарғалиұлы СапаровҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланады.