Жаңалықтар

Алаш арыстары ардақталды

ашық дереккөзі

Алаш арыстары ардақталды

Алматыда «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Айбыным Алаш» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылып, онда Алаш қайраткерлерінің өлеңдері оқылды. Кешті Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ғалым Жайлыбай ашты. «Алаш арыстарының кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы ұшан-теңіз. Бүгінгі іс-шара сол мұраны Алматы қаласының тұрғындарына насихаттау үшін өткізіліп отыр» деді ол.