Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы жеңімпазы анықталды

Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы жеңімпазы анықталды

Нобель сыйлығының әдебиет саласындағы жеңімпазы анықталды
ашық дереккөзі
Нобель сыйлығының биылғы әдебиет саласындағы жеңімпазы анықталды. Жоғары деңгейдегі сыйлық Британияның тегі жапон жазушысы Кадзуо Исигуроға табысталды. Жазушының «Бір күннен қалған уақыт», «Мені жіберме», «Жерленген алып» сынды шығармалары көпшілікке таныс. Швед академиясының мүшелері жазушы романдарының ерекше эмоционалды күшке ие екенін атап өткен. Исигуро көбіне уақыт және адам санасы жайлы қалам тербейді. Оның «Бір күннен қалған уақыт» атты романы желісі бойынша көркем фильм де түсірілген.