Дүниежүзілік банк: Жыл сайын 100 млн адам кедейленеді
Дүниежүзілік банк: Жыл сайын 100 млн адам кедейленеді
Дүниежүзінде 400 миллиондай адамның негізгі медициналық қызметтерге қол жетпейді. Ал жыл сайын 100 миллион адам денсаулық сақтау қызметтері бағасының жоғары болуының салдарынан кедей адамдар қатарына қосылады. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің президенті Джим Ён Ким журналистермен сұхбатында айтты, деп хабарлайды ТАСС.
«Егер біз ешқандай шара қолданбасақ, әлем халқының тек үштен бірі ғана әлеуметтік көмек ала алатын болады. 2030 жылға қарай 167 миллион бала кедейшілікте өмір сүруі мүмкін», - деді ол. Сондай-ақ ол қазіргі кезде 155 млн баланың алаңсыз білім ала алмай отырғандығын жеткізді.