Шенеуніктердің қызметтік көлігіне арнайы белгі жапсырылды

Шенеуніктердің қызметтік көлігіне арнайы белгі жапсырылды

Шенеуніктердің қызметтік көлігіне арнайы белгі жапсырылды
ашық дереккөзі
Астана әкімдігінің қызметтік көліктеріне арнайы белгі жабыстырылды, деп хабарлады 24.kz Бұл жапсырма әдеп кодексінің сақталуын қадағалау үшін қажет, «Яғни қызметтік көлікті жеке басының қажеттіне пайдалануға жол бермеу», –  дейді бастама авторлары. Шара барысында 30 темір тұлпарға «ерекше» белгі тағылған. Негізі әкімдікте 400-ге жуық қызметтік жеңіл көлік бар екен. Алдағы күндері солардың барлығына тиісті белгі тағу жоспарланған. Енді әдеп кодексін бұзғандарды байқаған тұрғындар сол қағазда көрсетілген нөмірге хабарласып, тиісті сурет не бейнежазба жолдай алады. Жоба авторлары белсенділік танықтандардың ұялы телефонына бірлік аударылатынын айтады. Негізі осы бастама бұған дейін еліміздің екі өңірінде қолға алынған. Төлеген Байғұлов, «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық» РҚБ  төрағасы: - Көп әңгіме болып жатыр. Неге жапсырма? Қазір XXI ғасыр. «Неге GPS орнатпайсыңдар?» деп айтып жатыр. Оны қою үшін конкурс жариялау керек. Ақша бөліну керек. Біз қазір жапсырма жапсырдық. Жапсырманың бағасы 200-ден 335 теңгеге дейін барады. Біз қазір өзіміздің қалтамыздан жасадық. Әкімдіктен, мемлекеттің ақшасы кетіп жатқан жоқ. Біз қоғамдық ұйымдарды жинап, осы жапсырманы шығардық. Ернар Маханов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма басшысы: - Осы заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты арнайы шаралар қабылданатын болады. Кез келген мемлекеттік мүлік тек мемлекеттік мақсатта қолданылуы тиіс. Жеке мақсатта қолдануға тыйым салынады. Бірінші кезекте тәртіптік шара, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Егер де тәртіптік жауапкершілік қайта-қайта жалғаса беретін болса, онда мемлекеттік лауазымға сәйкестік жөнінде шешім қабылданатын болады. Ол адам жұмыстан қуылуы да мүмкін.