21 Мамыр 2015, 10:51 2399 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Нұра ауданы әкімінің орынбасары жылқы жымқырғаны үшін айыпталды

Қарағанды облысында Нұра ауданы әкімінің орынбасары алаяқтық жасады деген күдікпен тергелуде. Ол жер телімдерін бөлу бойынша конкурста фермерлік қожалықтан оның жеңуі үшін құны 350 000 теңге тұратын жылқы алған. Қылмысы ашылып қалған шенді жауапкершіліктен сытылып кете алмады.
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қылмыстық әрекет жасады деп күдіктелген әкімнің орынбасарына қатысты кепілдік түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланған.
«Нұра аудандық соты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 2 тармағына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Нұра ауданы әкімінің орынбасарына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілдік қолдану өтініші туралы Нұра ауданы прокурорының қаулысын қарады. 500 АЕК мөлшерде, яғни 991 000 теңге көлеміндегі кепілдік санкцияланды», – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар