Шымкентке бағыт алған ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталды

Шымкентке бағыт алған ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталды

Шымкентке бағыт алған ұшақтың апатқа ұшырау себебі анықталды
ашық дереккөзі
Алматыдан Шымкентке ұшқан Ан-28 санавиация ұшағының апатқа ұшрау себебін Қазақстандағы танымал блогер Денис Кривошеев айтып берді, деп хабарлайды sputniknews.kz "Бастапқы деректер. Ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болса керек. Экипаж екі рет айналып, ұшақты далаға қондырмақ болды. Конструкция бұған мүмкіндік беретін еді. Өкінішке орай, ұшақ төмендей бастағанда, электр желісіне ілініп, күрт айналды да, қанатымен бағанаға соғылды. Соққы салдарынан қанаты жұлынып кетті", — деп жазды Кривошеев әлеуметтік желіде. Оның айтуынша, қозғалтқышында ақау бары бұдан бұрын осы ұшақпен болған жайттан кейін белгілі. Кривошеевке айтқан дереккөздер бойынша, жақында ұшақтың қозғалтқышы жанып кеткен екен. Апат салдарынан бес адам көз жұмды. Олардың екеуі дәрігерлер: акушер-гинеколог Талғат Патсаев пен реаниматолог дәрігер Жәнібек Артықбаев. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ауыр хәлде жатқан, жаңа босанған әйелге жәрдем көрсету үшін 3 қазан күні 18:39-да Алматыдан Шымкентке құрамында екі дәрігер бар санитарлық авиация бригадасы ұшырылды: профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинекологы Патсаев Таоғат Анапиұлы, профессор, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы", — делінген хабарламада. Ведомство мәліметінше, бортта науқастар болмаған.

"ҚР денсаулық сақтау министрлігі қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан медицина қызметкерлерінің отбасына көңіл айтып, моральдық және материалдық қолдау көрсетеді", — деп қорытындылады баспасөз қызметі.