Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар интернет-портал арқылы есеп беруге міндеттелді
Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар интернет-портал арқылы есеп беруге міндеттелді
Қазақстанда ҮЕҰ дерекқоры infonpo.kz интернет-порталы іске қосылды. Енді жыл сайын 31 наурызға дейін еліміздегі барлық қоғамдық ұйым өз қызметі туралы ақпарат ұсынуға міндетті, деп хабарлайды 24.kz.
ҮЕҰ-дың ашықтығын және қоғам алдында ҮЕҰ-дың қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың деректер базасы құрылған болатын.
ҮЕҰ дерекқоры арқылы азаматтар ҮЕҰ қызметіне қатысты қажетті ақпаратты ала алады, ал ҮЕҰ бір-бірімен ақпарат алмасып, сенімді серіктестер таба алады. Бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында 3 мыңдай қазақстандық және шетелдік ұйымдардардың тәжірибелері туралы ақпарат көрсетілген.
ҮЕҰ дерекқоры үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және олардың жұмысымен халықты ақпараттандыру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік келісімшарттарды орналастыру, гранттар беру және жүлделерді тағайындау шеңберінде пайдалану үшін құрылған ақпараттық дерекқор болып табылады.
ҮЕҰ деректер базасындағы ақпараттар жыл сайын Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері Комитетіне жыл сайын наурыз айының 31-не дейін ұсынылуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 19 680 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 13 879-ы қазіргі уақытта өз қызметін белсенді жүзеге асыруда.