Жаңалықтар

Министрлік мұғалімдерді интернет арқылы бақылайды

ашық дереккөзі

Министрлік мұғалімдерді интернет арқылы бақылайды

Бүгінде мектеп мұғалімдері үшін 80 мың бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар бар. Олар кез келген материалды ғаламтордан, я болмаса, мектеп серверінен алып, сабақ кезінде пайдалана алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Биыл аталған цифрлық материалды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бұл дегеніміз, бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып жатқанын көре аламыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Министрдің айтуынша, бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар жүйесінде 200 мыңға жуық оқушы да тіркелді.  «Әрине, әзірше оқушылардың саны аздау болып тұр. Дегенмен, олардың үйге келіп, ол материалдарды өз бетімен көріп жүргені қуантады. Биыл мобильді телефондар арқылы бейнесабақтарды көру көрсеткіші 28 пайызға көтерілді. Балалар математика, информатика мен ағылшын тіліне арналған интерактивті сабақтарды жиі көріп жүреді», - деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.