Тастембеков 40-қа келген әншіні қол астына алды

Тастембеков 40-қа келген әншіні қол астына алды

Тастембеков 40-қа келген әншіні қол астына алды
ашық дереккөзі
Белгілі продюсер Эрик Тастембековтің музыкалық жобалары бүгінде есімі елге танымал әншілер. Әдетте жас өнерпаздарды қол астына алатын продюсер енді 40-қа қадам басқан өнер иесіне қолдау көрсетпек. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Отандық шоу-бизнесте талай таланттардың жұлдызын жаққан Тастембековтің таңдауы бұл жолы Нұрлан Жұмағали есімді әншіге түсіпті. Олардың таныстығы осы жылдың көктемінде басталған. Араға бірнеше ай салып, қос тарап келісімшартқа да қол жеткізеді. «МузАрттың стилінде ән салатын болады. Репертуарға да өзінің жасынан сай келетін тректерді таңдауды жөн деп шештік. Бұл жігіттің жаны лирикаға жақын!» – дейді Тастембеков. Қырыққа тақаған шағында ән әлеміне қадам басқан Нұрлан осы уақытқа дейін отандық кинонарықта қызмет атқарыпты. Ол өзін қамал алар жаста кәсіби сахнаға жолдама алған жалғыз мен емес деп жұбатады. «Мысалы, былай қарап тұрсаңыз мына көрші мемлекетте бар. Оның ішінде Стас Михайлов 40-тан асып кеткен соң, сахнаға шыққан.  Тағы айта кететін болсақ Григорий Лепс! Ол кісіде 40-тан асып барып өнерге келген», – дейді Нұрлан Жұмағали. Әншінің сөзіне сенсек, ұзақ уақыт пысық продюсерлерді аңдумен болғанын айтады. Бүгінде Эрикпен қызу жұмысқа кіріскен Нұрланның бастапқыда таңдауы Тастембековке түспеген… «Баян ханым болды. Бірақ, Баян ханым өздеріңіз білесіздер, ер әншілермен көп айналыспайды. Екіншісі енді ол Арман Дүйсенов ағамыз, бірақ ол кісіде былай кетіп қалды. Сосын енді үшінші вариант осы Эрик ағамыз болды», – дейді Нұрлан. «Бір күні өзі хабарласып, дауысын тыңдап көруге ұсыныс жасады. Менің көңілімнен шыққаннан кейін, жұмысты бастап кеттік. Осы уақытқа дейін ән айту бағытын таңдап, стилін сараптап, бүгін бейнебаян түсіруге бел будық!» – дейді Тастембеков. Екі жастың баянсыз махаббатын суреттейтін су жаңа клип «Адал бол» деп аталатын трекке таспаланып жатыр!