"Тіл мәселесі — өте күрделі мәселе. Сіз білесіз, Павлодар облысында өзге ұлт өкілдері халықтың елу пайызын құрайды. Біз біртіндеп осы мәселені шешіп жатырмыз. Өткен жылы мен есеп бергенде, балабақшаларды кілең қазақша жасайық деген ұсыныс енгізгенмін. Ол жұмыспен біз айналысып жүрміз. Жалпы, жұмысты қатаң бақылауға аламыз", — деп қысқа қайырды облыс басшысы.
Айта кетсек, ақпараттық порталдардың бірінде "Боқауов мемлекеттік тілді қорғамағаны үшін тарихта қалады" деген тақырыппен материал жарық көрген болатын. Онда Керекудегі тіл жанашырларының бірі мемлекеттік тілдің өңірдегі мүшкіл жағдайын айтып, өз наразылығын білдіреді.