Жаңалықтар

Қостанайлық полицей 23 жастағы жігітті қағып өлтірді

ашық дереккөзі

Қостанайлық полицей 23 жастағы жігітті қағып өлтірді

Қостанайда ІІБ қызметкері 23 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім еткен. 1 қазан күні сағат 6.35 шамасында KIA Rio көлігімен келе жатқан 32 жастағы жүргізуші Қорған көшесінің бойында 23 жастағы жігітті қағып кеткен. Зардап шеккен жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. «KIA Rio көлігін Қостанайдың ІІБ қызметкері жүргізіп келе жатқан. Ол көлікті жұмыстан тыс уақытта жүргізген. Қызметтік көлікпен жүрмеген. Полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды», - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері. ІІД мәліметінше, осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.