Жаңалықтар

Павлодарға жыл соңына дейін 20 трамвай жеткізіледі

ашық дереккөзі

Павлодарға жыл соңына дейін 20 трамвай жеткізіледі

Павлодарда трамвай қайта жанданбақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Павлодарда 110 шақырым трамвай жолы бар. Біз бұл инфрақұрылымды сақтап қалдық. Екі жыл бойы трамвайлар сатып алуға заем қаражатын алу үшін еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыс істедік. Рельс көліктері бойынша шығындарды субсидиялауда бірнеше фактор кедергі болды. Бұл мәселе шешілді», - деді Болат Бақауов. Облыс басшысының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні трамвайларды сатып алу бойынша конкурс өткізілген. Осы жылдың қазан айында 5, ал желтоқсанда 15 трамвай Павлодарға жеткізілетін болады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес 2017 жылдың қаңтар-тамызында көлікпен жүк тасымалдау көлемі 84,3 млн тоннаны, жүк тасымалы айналымы 21,2 млрд тонна шақырымды құраған. Жолаушылар тасымалы айналымы 7,7 пайызға өскен.