Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады

Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады
ашық дереккөзі
Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты. Айта кетейік, Эдуард Гуткнехт  бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл туралы Waz-online.de хабарлауда. Қайырымдылық кеште түскен 50 мың  еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады. Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды. Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.