Австрияда бетті жауып жүруге заңмен тыйым салынды

Австрияда бетті жауып жүруге заңмен тыйым салынды

Австрияда бетті жауып жүруге заңмен тыйым салынды
ашық дереккөзі
Австрияда бетті жауып жүруге заңмен тыйым салынды. Австрия билігі 1 қазаннан бастап қоғамдық орындарда бетті жауып жүруге тыйым салынатын заң қабылдады, деп хабарлайды БЕЛТА. Бұл заң никаб, бурку немесе паранджа киетіндерге қатысты. Заңды бұзғандарға 150 евро көлемінде айыппұл салынады, егер оны төлемесе заң бұзушыларды ұстап, түсініктеме алынады. Заң шығарушылардың айтуынша, аталмыш құжаттың мақсаты - мигранттар мен босқындардың австриялық қоғамға ықпалдасуы және елде тұратын көптеген ұлттардың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Тек хиджабқа, медициналық мақсаттағы дәке байлауышқа рұқсат етілді. Сондай-ақ, дәрігерлер, құрылысшылар, актерлер, дәстүрлі мерекелерге қатысатын тұлғалар жауапқа тартылмайды. Құқық бұзушылықты анықтағаннан кейін, полиция тұлғаға заң бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді, одан кейін киімнің жабу элементін алып тастауды талап етеді. Бұл заң туралы ақпарат басқа елдердің елшіліктеріне, мұсұлман жамағатына және халықаралық ұйымдарға таратылды.