Тәжікстанда жыл сайын әскерге жарамсыз жастар көбейіп барады

Тәжікстанда жыл сайын әскерге жарамсыз жастар көбейіп барады

Тәжікстанда жыл сайын әскерге жарамсыз жастар көбейіп барады
ашық дереккөзі
Тәжікстанда жыл сайын әскерге жарамсыз жастар көбейіп барады. Тәжікстанда кезекті әскери қызметке шақыру басталды. Бірақ жастардың дені әскери борышын өтеуден қашады. Жыл сайын ондаған жас "әскери қызметке жарамсыз" деген құжат тапсырады. Соғды әскери гарнизонының басшылығы кезекті күзгі әскери қызметке шақыру басталғанын жариялады. Гарнизон басшысының орынбасары Рустам Рахматзоданың мәліметінше, былтыр облыс бойынша әскери қызметке жарамсыз делініп, 400 адам тіркеуге алынған. Оның сөздерінше, көбінде "жарамсыз" делінген құжатты дәрігерлер немесе жергілікті әскери бөлімшелер әзірлейді. Мәселен бір ғана Худжанд қаласында әскерге жарамсыз деген жастар саны бес есеге көбейген. Сол себептен Рахматзода әскери дәрігерлерден жастарды қайта тексеруден өткізуді талап етеді. Ал жергілікті билік қазіргі жастар денсаулығының жыл сайын нашарлап бара жатқандығына алаңдайды.