Жаңалықтар

Билікті күшпен басып алмақ болған қырғыз депутаты қамалды

ашық дереккөзі

Билікті күшпен басып алмақ болған қырғыз депутаты қамалды

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қыркүйек күні Жогорку Кенеш депутаты Қанатбек Исаев пен бірнеше адамды бас прокуратура қозғаған қылмыстық іс аясында ұстады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

"Қылмыстық іс материалдары бойынша, президенттікке кандидат Өмірбек Бабановтың белсенді жақтасы Қанатбек Исаев ұйымдасқан қылмыстық топтардың өкілдерімен сөз байласып, Қырғызстан президенті сайлауы кезінде және одан кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және кейін билікті күшпен басып алу мақсатымен жастарды, соған қоса ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін іріктеп, ақша беріп, дайындаған, оларды дауыс беру нәтижесі бұрмаланды дегенді желеу етіп заңсыз акцияларға пайдаланбақшы болған", - деп хабарлаған Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті. Бұған дейін Қырғызстан бас прокуратурасы Қанатбек Исаевтың үстінен "қылмысқа дайындалу", "жаппай тәртіпсіздік" және "билікті заңсыз күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған.