Зират дауына байланысты Ақтөбе әкімі министрліктен ескерту алды

Зират дауына байланысты Ақтөбе әкімі министрліктен ескерту алды

Зират дауына байланысты  Ақтөбе әкімі министрліктен ескерту алды
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласының әкіміне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жолданды.Бұл туралы Tilshi.kz басылымы хабарлайды.
“2017 жылы Ақтөбе қаласының әкімдігімен өткізілген тендердің негізінде қалалық қорымдар “Единый Центр Ритуальных услуг” ЖШС сенімгерлік басқаруына берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген ақпарат бойынша бұл серіктестіктің ритуалдық қызметтерінің бағалары қымбат. Бұдан басқа, бұл мекеме тұтынушыларға қызмет көрсету үшін басқа ритуалдық мекемелерге қалалық қорымдарға жол бермеген”, — делінген министрліктің хабарламасында. Осыған байланысты, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласының әкіміне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жолдады.