Атыраулықтар бензин таппай сенделуде

Атыраулықтар бензин таппай сенделуде

Атыраулықтар бензин таппай сенделуде
ашық дереккөзі
Атырау облысында бензин қымбаттап қана қоймай, жанар-жағармай құю стансаларында оның тапшылығы байқала бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Атырау-Астрахань тасжолының бойында АИ-92 де, АИ-95 те болған жоқ. Исатай ауданындағы Аққыстау ауылындағы Жанар-жағармай құю стансасы да жұмыс істемеді. РФ-мен шекаралас Құрманғазы ауданында да бензинді таппадық. Машинамыз газбен жұмыс істей алатыны жақсы болды. Ганюшкино ауылында газ толтырып алдық, әйтеуір отынның бұл түрі сатылымда бар екен», - деп хабарлады «Прикаспийская комунна» облыстық газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева. Әлеуметтік желі қолданушылары бензин тапшылығы Мақат ауданында да болып жатқанын жазуда - АИ-92 мен АИ-95-ті «ҚазМұнайГаздың» жанар-жағармай стансаларынан ғана құйып алуға болады. Атырауда бензин «Гелиостан» басқа барлық ЖЖҚС стансаларында бар. Еске салайық, өткен аптада Атырауда сұйық отын бағасы 2-3 теңгеге қымбаттады - АИ-92 - 144 теңгеге дейін, АИ-95 - 155 теңгеге дейін. Отын тапшылығы себептерінің бірі - Атырау мұнай өңдеу зауытының 20 күннен артық күрделі жөндеу жұмыстарына жабық болуы. Бүгінгі күні зауыт өндірісін жалғастыруда.