Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды
Елбасы Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі -Комиссия) құрылсын. 2. Мыналар: 1) «ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы; 2) Комиссия туралы ереже; 3) Комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп: 1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін; 2) Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 қыркүйек № 188