Ресей Facebook-ті бұғаттауы мүмкін
Ресей Facebook-ті бұғаттауы мүмкін
РФ Ақпараттық технологиялар және Бұқаралық ақпарат құралдарының қадағалау департаментінің директоры Александр Зарров мәлімдеме жасап, егер Facebook жеке деректерді сақтауға қатысты заңды талаптарды орындамаса, Ресейде бұл әлеуметтік желіні қолдануды тоқтатып тастайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Шилаң» ақпараттық сайтына сілтеме жасап qazaqtimes.com хабарлады.
Александр Зарров сөзінде: «Заң барлық адамға ортақ болғандықтан да, қандай жағдайда да біз заңның орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Ал оны атқармайтын болса онда Ресей территориясында Facebook әлеуметтік желісін пайдалануды тоқтатамыз. Әрине бұл өкінішті, бірақ, қалайда Ресей заңын қорғауға тиіспіз», – деді.
Ол және сөзінде Ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдарының инспекциясы Facebook-тің Ресейде өте танымал екенін түсінетінін, дегенмен оның бірден бір әлеуметтік желі саналмайтынын, соған ұқсас басқа да әлеуметтік желілердің бар екенін алға тартты. «Сондықтан Facebook компаниясына заңға сәйкес жұмыстар алып баруын үміт етеміз», – деді Александр Зарров. «Жеке деректер туралы заң» бойынша, Ресей азаматтарының жеке деректері Ресей аумағында сақталуы керек болған.
Ресей Федрациясының Ақпараттық технологиялар және Бұқаралық ақпарат құралдарының инспекциясы заңсыз веб-сайттарды арнайы тізімге алады. Егер түзетуден бас тартса, тізімдегі кез-келген әлеуметтік желіні бұғаттауға жібереді. Бұдан бұрында Ресей заңын бұзды деген айыппен бірнеше әлеуметтік желі бұғатталып тасталған. Бұл туралы Ресей президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдемесінде: «Facebook – бұл бизнес-компания болып табылады, демек ақша табуға бағытталған. Алайда, ақша табу жолы РФ-ның заңдарына сәйкес болуы керек. Заңды атқаруы керек», деген пікірін білдірді.