Лавров Қазақстанға не үшін келе жатыр?

Лавров Қазақстанға не үшін келе жатыр?

Лавров Қазақстанға не үшін келе жатыр?
ашық дереккөзі
РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазан айының басында Қазақстанға келеді, деп хабарлайды РИА Новости министрліктің ресми өкілі Мария Захароваға сілтеме жасап. "Алтыншы қазан күні Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың орнауының 25-жылдығы құрметіне орай Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келеді", — деп мәлімдеді Захарова брифинг кезінде. Оның айтуынша, келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелерін қарастырады.