Үрімжі мен Алматыны жаңа пойыз жалғайды
Үрімжі мен Алматыны жаңа пойыз жалғайды
Үрімжі мен Алматыны жаңа пойыз жалғайды. 30 қыркүйектен бастап Үрімжіден Қорғас өткелі арқылы Алматы қаласына қатынайтын халықаралық саяхат пойызы жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл ашылған жаңа бағыт бұрынғы Шыңжаң-Алатау сағасы өткелі арқылы Алматыға баруға қарағанда, көп уақыт үнемдейді», деп жазады «Жэньминь жибао» порталы. «Үрімжі темір жолы таратқан мәліметтеріне қарағанда, Қытай мен Қазақстан темір жол мекемелері өзара келісімге келе отырып, 30 қыркүйектен бастап, Үрімжі - Алматы K9795/K9796 кезекші халықаралық саяхат пойызының Алатау ـ Достық өткелі арқылы шығу жолын, Қорғас ـ Алтынкөл өткелімен ауыстырмақ. Жаңа бағыт іске қосылғанда, Үрімжіден Алматыға қатынайтын пойыздың жолы 1048 шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш бұрынғы бағытты 301 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның үстіне аталмыш бағыт жолаушылардың жолға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Үрімжіден Алматыға қатынайтын халықаралық саяхат пойызы аптасына 1 рет жүреді. Яғни, сенбі күні Үрімжі оңтүстік бекетінен жолға шығып, жексенбі күні Қорғас - Алтынкөл өткелі арқылы Алматы қаласына жетеді. Ал, Алматыдан дүйсенбі күні шығып, сейсенбі күні Үрімжіге жетпек.