Трамптың көлігі жол апатына ұшырады

Трамптың көлігі жол апатына ұшырады

Трамптың көлігі жол апатына ұшырады
ашық дереккөзі
АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі көлік апатына ұшырады - деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. АҚШ-тың Индиана штатына салық реформасына байланысты сөз сөйлеуге барған Дональд Трамп кортежі Индианаполис әуежайына барар жолда апатқа ұшыраған. Салдарынан кортежді бастап келе жатқан мотоциклдегі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақатын алған. Индиана штатының ресми органдары ел президенті кортежінің қатысуымен болған көлік апатына кімнің кінәлі екендігі жайында ешқандай мәлімдеме таратпаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Дональд Трамп ұшағы болған жағдайға қарамастан Уашингтон әуежайына белгіленген уақытта келіп қонған. Дереккөз: qazaqtimes.com