Жаңалықтар

Бағдад Ирактың Күрдістанындағы референдум нәтижесінің күшін жоюды талап етті

ашық дереккөзі

Бағдад Ирактың Күрдістанындағы референдум нәтижесінің күшін жоюды талап етті

Бағдад Ирактың Күрдістанындағы референдум нәтижесінің күшін жоюды талап етті. Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади Күрдістан автономиялық ауданының тәуелсіздігі туралы референдум нәтижесінің күшін жоюды талап етті. Референдум жексенбі күні өткен. "Бұл референдум күшін жоғалтып, Конституцияға сай диалог бастау қажет. Біз бұл референдумның нәтижелеріне қатысты ешқашан келіссөз өткізбейміз. Біз Ирак заңдары, Конституцияға сай, Күрдістанның барлық аудандарына жүреді деп есептейміз", - деді Абади 27 қыркүйекте Ирак парламенті депутаттарына. Автономиялық аудандағы сайлау органдарының хабарлауынша, 25 қыркүйекте өткен референдумда сайлаушылардың 92,7 пайызы тәуелсіздікті қолдады. Референдумға сайлаушылардың 72 пайыздан астамы қатысқан. Reuters жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, парламент Абадиге күрдтер бақылауындағы Киркук ауданына әскер жіберіп, мұнай кендерін бақылауға алу туралы ұсыныс жасаған. "Үкімет Киркуктегі мұнай кен орындарын мұнай министрлігі бақылауына қайтарып алуы тиіс", - делінген парламент қарарында. Оның мазмұнымен Reuters танысқан. Түрлі этностар тұратын Киркук ауданы 2014 жылдан бері "пешмерга" күрд бүлікші жасағының бақылауына өткен. Содан бергі жылдары Ирак әскерін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырлары ығыстыра берді.