1 қазаннан Астана әуежайынан жеткізіп салатын такси бағасы арзандайды

1 қазаннан Астана әуежайынан жеткізіп салатын такси бағасы арзандайды

1 қазаннан Астана әуежайынан жеткізіп салатын такси бағасы арзандайды
ашық дереккөзі
1 қазаннан Астана әуежайынан жеткізіп салатын такси бағасы арзандайды. Астанада 1 қазаннан бастап Бірыңғай такси қызметінің халықаралық әуежайдан қаланың ортаңғы бөлігіне жеткізу бағасы арзандайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат медиа орталыққа сілтеме жасап. Астана қаласының тасымалдаушылары қауымдастығының төрағасы Медет Құрмановтың айтуынша, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайынан шыққаннан кейінгі алғашқы үш шақырым 1000 теңгені құрайтын болады. Одан әрі әр шақырымына 100 теңгеден қосылып отырады. Қала бойынша ең төменгі тариф - 500, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан 700 теңгені құрайды. «Жолаушыларға көрсететін қызметтің сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай нөмірі бар чат-тобы іске қосылды. «Astana Taxi» бірыңғай такси қызметінің жұмысына қатысты өтініш пен шағым білдіргісі келген жолаушылар 8-700-555-76-07 нөміріне жаза алады», - деді елордалық жолаушылар қауымдастығының атарушы директоры Сәкен Ханхожин.