Жаңалықтар

Отанына оралған Отаханов әуежайда ұсталды

ашық дереккөзі

Отанына оралған Отаханов әуежайда ұсталды

Екі жыл бойында Түркияда қашып жүріп, 27 қыркүйекте отанына оралған 63 жастағы өзбек жазушысы Нұрулло Отахановты (Нұруллох Мұхаммад Рауфхон) құқық қорғау органдары қызметкерлері Ташкент әуежайынан ұстап әкеткен. Жазушының әйелі Гүлнәр Отаханова күйеуінің «Бу кунлар» ("Бұл күндер") кітабы экстремистік идеяларды насихаттайды деген күдікке алынғанын мәлімдеді. Жазушы «Бу кунлар» кітабында Өзбекстанның тәуелсіздік алған жылдарындағы даму кезеңін сынға алған. Кітапта Ислам Каримов құрған жүйені қатты сынға алып, авторитаризмге теңеген. Нурилло Отаханов Стамбұлда екі жыл тұрып, Ташкентке оралған еді. Оны әуежайдан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алып, бірден қолына кісен салған. Жазушының әйелі күйеуімен тек милиция бөлімшесінде кездесуге мүмкіндік алған. Тергеушілер күйеуін ұстауға «Бу кунлар» кітабы себеп болды деген. Себебі дін істері жөніндегі комитет аталған кітапты "экстремистік" деп тапқан екен.