Азиада аяқталды: Жеңіс - жарыс қожайынында

Азиада аяқталды: Жеңіс - жарыс қожайынында

Азиада аяқталды: Жеңіс - жарыс қожайынында
ашық дереккөзі

Ашхабадта V Азия ойындары салтанатты түрде аяқталды.
Жарыстың бас жүлдесі турнир қожайынына бұйырды. Түркіменстан құрамасы 245 медаль жинады, оның 89-ы - алтын. Екінші орынды 42 алтын алған Қытай құрамасы иеленді. Үшінші орындағы Иран спортшылары 36 алтын жинады. Қазақстан мен Өзбекстан 4 және 5-орын алды. Азия ойындары 16 қыркүйекте басталды, ал турнирдің ашылу салтанаты 17 қыркүйекте өтті. Жарыстар 27 қыркүйекте аяқталды. Оған 64 елден 5500-ден астам атлет қатысты. Газға бай Түркіменстан ойындарға ұзақ дайындалды. Атап айтқанда, 2,2 млрд долларға жаңа әуежай тұрғызылды. Олимпия кешені 5 млрд долларға салынды. Бұған қоса, 45 мың адамға шақталған стадион тұрғызылды. Түрлі деректерге қарағанда, бұл шараға 10-15 млрд доллар жұмсалған.