Ананың арманы орындалды

Ананың арманы орындалды

Ананың арманы орындалды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Шолаққорған ауылының тұрғыны Базаркүл Сүлейменова  4 қыз тәрбиелеп отырған ана. Жолдасы 10 жыл бұрын өмірден өткен. Базаркүл ана балаларын жетілдіру үшін ауылда күзетші болды, газет тасыды. Әйтеуір нәпақаның қамымен жұмыстың ауыр-жеңіліне қараған жоқ. Алайда бастарында баспана болмаған соң, тапқан табысында береке қайдан болсын? 12 жылдан бері әркімнің есігінде пәтер жалдаумен келеді. Осынша уақыттан бері үй кезегінде тұр. – Денсаулығым да біртіндеп нашарлай берді. ІІІ топтағы мүгедектікке, одан соң зейнеткерлікке шықтым. Бір қызымның күйеуі жол апатынан қайтыс болып, ол да екі баласымен үйге келді. Тағы бір қызымның мүгедек баласы бар. Баспана кезегі жылжитын емес. Астанада тұратын бір қызым былтыр тамыз айында «Нұр Отан» партиясына арыз жазуға кеңес берді. Сөйтті де өзі арызды Астанадағы «Нұр Отан» партиясына апарып тапсырды, – дейді ана. Арада көп өтпей-ақ Базаркүл анаға «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінен хат келген. Хатта қабылдау бөлмесінің консультанты Асқар Құмарбай арыз иесі Базаркүл Сүлейменованың жағдайымен толық танысқанын, партияның ықпалымен таяу күндері мәселенің шешімі табылатыны жөнінде жазылған. Осылайша Сүлейменовалар отбасы Шолаққорған ауылында салынып, кілті табыс етілген 50 жаңа үйдің біріне ие болды. Сол кездегі аудан әкімі Мақсат Исаев үйдің кілтін табыс еткенде шешейдің көзіне қуаныштан жас келді. Заманауи үлгіде салынған жаңа үйде немерелерімен бірге тұратын Базаркүл ана: – «Нұр Отан» партиясының арқасында баспанаға ерте­рек қол жеткіздім. Көптен күткен арманым орындалды, – дейді.