Ресейлік блогердің жазбасынан кейін қарағандылық полицейлер жазаланды

Ресейлік блогердің жазбасынан кейін қарағандылық полицейлер жазаланды

Ресейлік блогердің жазбасынан кейін қарағандылық полицейлер жазаланды
ашық дереккөзі
Ресейлік блогердің қазақстандық жол полициясы қызметкерлері туралы жарияланымынан кейін қызметтік тексеру жүргізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева хабарлады, деп жазады sputniknews.kz "Ресейлік блогер Евгений Золотухиннің сыни жазбасынан кейін Қарағанды облысы ІІД Жол — патрульдік полиция қызметкерлерінің тарапына тексеру жүргізілді", — деп жазды Лукьянина-Костерева өзінің Facebook парақшасында.
Ол: Тексеру қорытындысы бойынша қызметтік ереже талаптарын бұзу әрекеттері үшін жазбада көрсетілген жол-патрульдік полиция қызметкерлері және олардың командирлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазған.
Оған қоса, көлік құралын тоқтату ҚР "Жол қозғалысы туралы" Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асқаны белгілі болды. Көлікті тоқтату себептерінің бірі жедел-профилактикалық шараларды жүргізу барысында жүргізушінің құжаттарын тексеру болып табылады. Баспасөз хатшысының айтуынша, республика көлемінде 12-16 қыркүйек аралығында "Қауіпсіз жол" деп аталатын жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.