Жерге түкіргенге - 16 мың теңге айыппұл
Жерге түкіргенге - 16 мың теңге айыппұл
25-27 қыркүйегі аралығында халық арасындағы құқықбұзушылықтарға арналған «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» атты кең ауқымды акция шеңберінде Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі сот органдарымен бірлесе отырып, көшпелі сот отырысын өткізді. Бұл туралы Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі хабарлады.
Келесі сот отырысы Астана қаласы «Алматы» аудандық ІІБ ЖПҚ өтті. Сот отырысында ҚР ӘҚтК 434 бабымен 30-дан астам әкімшілік іс қаралды. Осылайша, ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде 27 жастағы азамат қоғамдық орында, яғни Сәтпаев көшесіндегі аялдаманың ауласында жерге түкіріп, қоғамдық орынды ластағаны анықталды. Қоғамдық орынды ластаған құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 434 бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама тіркелді.
Көшпелі сот отырысында сот шешімімен 27 жастағы құқық бұзушыға 7 АЕК (15883 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, келесі кезекте осы қылығының қайталанбауына уәде берді.