Елордаға ЭКСПО кезінде 5 млн 400мың адам келген

Елордаға ЭКСПО кезінде 5 млн 400мың адам келген

Елордаға ЭКСПО кезінде 5 млн 400мың адам келген
ашық дереккөзі
ЕХРО кезінде Астанаға 5 млн 400 мың адам келген. Келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 1 млн 700 мың адамға көбейген, деп хабарлайды 24.kz.  Мамандар 3 ай ішінде отандық туризм саласының тамырына қан жүгірді деп отыр. Қонақтарға барлығы 13 туристік оператор қызмет көрсеткен. Олар шетелдіктерге Астананың әдемі жерлерін көрсетіп қана қоймай, өзге де өңірлерге жолдама сатқан. Мәселен, Бурабай, Түркістанға баруға ниет білдіргендер көп болған. Айта кетейік, бүгін Ұлттық компания халықаралық шара кезінде жемісті жұмыс жасаған операторларды марапаттады. Гауһар Жеңісбек, Ұлттық туристік компанияның бас директоры: – ЕХРО-ны көріп кету ғана емес, ішкі туризмді дамыту үшін көптеген шара істелініп жатты. Өйткені Астанамен бірге Алматы, Бурабайды көрсетіп, қызықтыруға тырыстық. Негізі табысқа қарағанда, тәжірибеміз көп болды. Біз соған қуанамыз.