Сара ақынның қанжығасында - 1 млн теңге

Сара ақынның қанжығасында - 1 млн теңге

Сара ақынның қанжығасында - 1 млн теңге
ашық дереккөзі
Бүгін Талдықорғанда Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр додасында Сара Тоқтамысова бас жүлдені жеңіп, бір миллион теңгені қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ал І орынды Алматы облысы атынан шыққан Жандарбек Бұлғақов, ІІ орынды астаналық Айнұр Тұрсынбаева, ІІІ орынды Атырау облысынан келген Сырымбек Сəрсембаев жеңіп алды. Жетісулықтардың делебесін қоздырған айтыста тағы бес ақын, атап айтқанда, Жалғас Садыр, Арзыгүл Қайыңбек, Сырым Əуезхан, Балғынбек Имашев, Əсет Дүйсебаев белсене қатысқаны үшін ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шараның басты мақсаты - елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаның өмірін, ерліктері мен төрелігін ақындар тілімен насихаттау. Ескелді бидің ел білмейтін тұстарын ұрпаққа айтып, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне тоқталу. Ақындар әзіл-қалжыңды араластыра отырып, қоғамда орын алған кейбір проблемаларды көтеріп, латын әліпбиіне көшу, тіл мен дін, рухани жаңғыру сынды тақырыптарды қамтыды. Жалпы айтысқа бес облыс, үш қаладан 10 ақын қатысып, өзара мықтыны анықтады.