Трамп пен АҚШ спортшылары арасында әнұран үшін кикілжің туды

Трамп пен АҚШ спортшылары арасында әнұран үшін кикілжің туды

Трамп пен АҚШ спортшылары арасында әнұран үшін кикілжің туды
ашық дереккөзі
АҚШ президенті мен елдегі спортшылар арасында кикілжің туды. Оған президент Трамптың мемлекеттік әнұран ойнап жатқан кезде тізерлеп тұрған спортшыны сынға алуы себеп болған, деп жазады 24.kz.  Ақ үй басшысының айтуынша, әрбір спортшы Американың рәміздеріне құрмет көрсетуі тиіс. Ал олай етпегендерді алаңнан қуу керек. Алайда елдегі Футбол лигасы мен Баскетбол ассоциациясының өкілдері президенттің пікіріне қарсы шықты. Оларды қоғамдық бірлестіктер де қызу қолдап кеткен. Тіпті әлеуметтік желідегі халықтың пікірі екіге жарылды. Олардың бірі спортшыларды қолдаса, бірі Трампты жақтайды. Грэи Мэллерсон, Oakland Raiders командасының жанкүйері: - Менің ойымша, әрбір адам өз ұстанымын, көзқарасын ашық айтуға құқылы. Спортшыларды қолдаймын, олар өз ұжымының мүшесі үшін бас көтеріп жатыр. Оған қоса бұл кикілжің оң шешімін таппайтын болса, мен де әнұран кезінде орнымнан тұрмаймын. Кэрол Рейтмиллер, Washington Redskins командасының жанкүйері:   - Әрине, президент Трамп қатаң сынға алғанымен, ауыр сөз айтпауы керек еді. Осы ойынды тамашалау үшін ұзақ жол жүріп келдім. Егер спортшылар әнұран кезінде орнынан тұрып, мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсетпесе, мен олардың ойынын тамашаламастан шығып кетемін.