Өрт қауіпсіздігін сақтамағандар қатаң жазаланады
Өрт қауіпсіздігін сақтамағандар қатаң жазаланады
Алматыда кезекті жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды, деп хабарлайды 24.kz.
Соған орай қалалық Төтенше жағдай департаментінде баспасөз мәслихаты өтті. Мамандардың мәліметінше, өткен жылы қаладағы жеке тұрғын үй секторларында 256 өрт шығу дерегі тіркеліп, салдарынан 10 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғалар негізінен өрт қауіпсіздік ережелерін ескермеуден болады. «Сондай-ақ үй иелері ескірген жылыту пештерін жаңартуға мұржаларды дер кезінде тазартуға мүлдем салғырт қарайды», – дейді департамент қызметкерлері. Қазір жеке тұрғын үй секторларында күнделікті рейд жүріп, түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздікке немқұрайлы қарағандарға қатаң шара қолданылмақ.
Марат Бекбаев, қалалық ТЖД басқарма басшысы:
- Үй иелеріне өрт қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң ескертеміз. Алайда қайғылы оқиғалар жылда қайталанады. Енді қауіпсіздік ережесін бұзған деректер анықталса, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.