Алматының 27 жастағы тұрғыны Тимур ұлына Ақтау деген ат қойды. Бұл туралы tumba.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Тимурдың сүйіктісі әрі жұбайы Әмина Ақтау қаласында туып өскен. Әминаның барлық ата-бабалары сол жақтың тумасы екен. Бүгінде Алматыда тұрып жатқан олар тұңғыш ұлдарына Ақтау қаласының есімін берген. Отағасының мұндай қадамға баруы әйеліне деген сүйіспеншілігінен екен. "Әминаның ата-анасы да Ақтау қаласының тұрғындары. Бүгінде олар арамызда жоқ. Бұл қала бізге өте жайлы болды. Сол себепті, ұлыма Ақтаудың атын бердім", - деп жазады Тимур. Алматылық жігіттің мұндай шешім қабылдауына Ақтау қаласына еңбек сіңірген қайын атасының қайтыс болуы да себеп болыпты. Еске сала кетейік, бүгінде Ақтау қаласында Маңғыстау есімін алғандар да кездеседі.